Инчхон-2014. Елдос Сметов – финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Елдос Сметов – финалда

20.09.2014
Инчхон-2014. Елдос Сметов – финалда

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Инхчонда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды. Ол жартылай финалда жапон палуаны Тору Шишимені ұтты.

Елдос ақтық бәсекеде Моңғолия өкілі Болдбаатар Ганбатпен белдеседі.

Ал тағы бір қазақстандық палуан Азамат Мұқанов қола жүлде үшін таласады. Оның қарсыласы – тайпейлік Чиа Хунг Чиен. Айта кетейік, Азамат жартылай финалда моңғол палуаны Төмөрхүлэг Даваадоржға есе жіберді.

Хабарламаларға жазылу