Бүгін Алматыда әуесқой велошабандоздар арасында «Tour Of World Class» сайысы өтті. Спорт күні қарсаңында мыңға тарта велошабандоздың басын қосқан додаға қала әкімі, тұрғындар мен қонақтар қатысты. Олар жарыс бағытымен қашықтығы 30 шақырым жолды жүріп өтті.
Ашылу салтанатында шаһар басшысы қаладағы велосипедтердің саны 90 мыңға жеткенін және бір мың алпыс алты спортзал мен фитнесс орталықтарының тұрақты қызмет етіп келе жатқанын тілге тиек етті. «Tour of World Class» веложарысы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Айбар ЖАҚСЫБАЙ