Алексей Луценко «Tour of Almaty-2014» веложарысында жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Луценко «Tour of Almaty-2014» веложарысында жеңімпаз атанды

05.10.2014
Алексей Луценко «Tour of Almaty-2014» веложарысында  жеңімпаз атанды

Бүгін Алматыда «Tour of Almaty-2014» веложарысы өтті. Онда «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, алғашқыда тағы бір қазақстандық Дмитрий Груздев алда келе жатқан еді. «RusVelo» командасының мүшесі Ильнур Закарин екеуі қарсыластарын мәреге 48 шақырым қалғанда басып озған. Олардың соңында келе жатқан топта 12 спортшы болды. Араларында «Астана» командасының 5 мүшесімен қатар, Винченцо Нибали де бар еді. Нәтижесінде мәреге Алексей Луценко бірінші келді.

Екінші орын «Катюша» командасының мүшесі Сергей Чернецкийге бұйырса, үшінші орынды «RusVelo» командасынан Сергей Лагутин алды.

Еске сала кетейік, «Tour of Almaty» жарысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шара биыл UCI-ден алғашқы дәрежесін алды.

Хабарламаларға жазылу