Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде түсті.
Біріншіліктің соңғы күнінде 65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нартай Оразбаев ерледі. Жерлесіміз алғашқы жекпе-жекте жарыс қожайыны Орхан Таги-Заданы 20:8 есебімен, кейін АҚШ өкілі Ричард Чунгты 20:4 нәтижесімен және өзбекстандық Усломон Абдихамовты 21:9 көрсеткішімен жеңді.
Осылайша, әлемдік біріншіліктің финалында бақ сынаған Оразбаев Иран спортшысы Амри Огзен Азармен кездесіп, қарсыласына жол берді.