Қапшағайда бессайыстан ашық біріншілік басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайда бессайыстан ашық біріншілік басталды

10.07.2014
Қапшағайда бессайыстан ашық біріншілік басталды

Алматы облысы  Қапшағай қаласында қазіргі бессайыстан Амангелді Иманов атындағы халықаралық турнир басталды.

16-шілдеге дейін жалғасатын алты күндік жарысқа Қырғыз Республикасы мен елімізден 60-тан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Рейтингтік сайыста биылғы жылы Кореяда өтетін VII Жазғы Азия ойындарына үміткер бессайысшылар жинаған ұпайы бойынша іріктеліп алынатын болады.

Қазіргі бессайыс - күрделі де бірегей спорт түрі. Мұнда спорттың бес түрінен бір спортшы қатысады. Олар нысананы ату, қылыштасу, жүгіру, жүзу, атпен кедергілерден қарғып өту.

Павел Ильяшенко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Қазіргі бессайыс - өте күрделі спорт түрі. Бессайыста бағын сынайтын майталман бес қаруы сай, бесаспап болуы керек. Егер бессайыстың төрт түрінен жақсы көрсеткіш көрсетіп, бір түрінен сүрінсең, онда жүлде алу туралы ойламай-ақ қоюға болады.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу