Алматыда нысана көздеуден ашық біріншілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда нысана көздеуден ашық біріншілік өтті

07.10.2014
Алматыда нысана көздеуден ашық біріншілік өтті

Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында нысана көздеудег ТМД ашық Гран-приі өтті. Биыл сайысқа Қазақстан, Ресей және Франция елдерінің спортшылары қатысты.

Сайыс екі күнге жалғасты. Бірінші жарыс күні 100 нысана атылды: әр алаңқайда — үш бір кісілік нысана және бірсигналдық дуплет, екінші жарыс күні — бір бір кісілік және екі дуплет.

Екі сайыс күнінің нәтижесі бойынша жасөспірімдер сайысысында бірінші орынды Александр Мұхамедиев (Қазақстан) иеленді.

Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Вадим Кругин екінші орыннан көрінді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Юлия Журавлева  алтыншы орынды қанағат тұтты.

Командалық бәсекеде Қазақстан ерлер құрамасы үшінші орынды иеленді.  Бұл сайыста Виктор Скрикелия (176), Талғат Шорин (166), Олег Почивалов (150)  сынға түсті.

Ал, спортинг және компакт-спортинг сайысында Инна Александрова топ жарды, деп жазады sk-sport.kz.

 

Фото: sk-sport.kz

Хабарламаларға жазылу