Алматы облысы Қапшағай қаласында қазіргі бессайыстан Амангелді Иманов атындағы халықаралық турнир басталды.
16-шілдеге дейін жалғасатын алты күндік жарысқа Қырғыз Республикасы мен елімізден 60-тан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Рейтингтік сайыста биылғы жылы Кореяда өтетін VII Жазғы Азия ойындарына үміткер бессайысшылар жинаған ұпайы бойынша іріктеліп алынатын болады.
Қазіргі бессайыс - күрделі де бірегей спорт түрі. Мұнда спорттың бес түрінен бір спортшы қатысады. Олар нысананы ату, қылыштасу, жүгіру, жүзу, атпен кедергілерден қарғып өту.
Павел Ильяшенко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Қазіргі бессайыс - өте күрделі спорт түрі. Бессайыста бағын сынайтын майталман бес қаруы сай, бесаспап болуы керек. Егер бессайыстың төрт түрінен жақсы көрсеткіш көрсетіп, бір түрінен сүрінсең, онда жүлде алу туралы ойламай-ақ қоюға болады.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ