Луиз Фелипе Сколари: «Бразилияның жеңiлiсiне мен кiнәлiмiн» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Луиз Фелипе Сколари: «Бразилияның жеңiлiсiне мен кiнәлiмiн»

09.07.2014
Луиз Фелипе Сколари: «Бразилияның жеңiлiсiне мен кiнәлiмiн»

Бразилия құрамасының бас бапкерi Луиз Фелипе Сколари ұлттық құраманың жартылай финалда сәтсiз ойын көрсетіп, Германиядан 1:7 есебiмен жеңiлгені үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол баспасөз мәслихатында жанкүйерлер алдында кешiрiм сұрады. 

«Ойындағы нәтиже үшiн кешiрiм сұрағым келедi. Бiз жеңiлiп жатқанымызға қарамастан, командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Жеңiлiске мен кiнәлiмiн және сол үшiн жауапкершiлiкті өз мойныма аламын. Есеп бiздiң ойынымызға байланысты болды, деп есептемеймiн.

Бірінші гол соғылғаннан соң бiз ойынға бақылауды қолдан шығардық. Одан кейінгі 4 минут ішінде үш гол өткізіп алдық. Ойын тағдыры сол кезде шешілді. Жеңіліске қарамастан, біз жаттығуды жалғастырамыз. Бізге әлі үшінші орын үшін ойнау керек. Бұл жеңілістен нәтиже шығарамыз деген ойдамын» - деп келтірді бапкердің сөзін Football Espana.

 

Хабарламаларға жазылу