Бокстан Президент Кубогы үшін жарыс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Президент Кубогы үшін жарыс басталды

08.07.2014
Бокстан Президент Кубогы үшін жарыс басталды

Бүгін Алматыдағы  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін ересектер арасында бокстан IV халықаралық турнир басталды.

Жарыста 13-шілдеге дейін  әлемнің 12 мемлекетінен келген 106 боксшы өзара сынға түседі.

Дәстүрлі түрде төртінші рет өткізіліп тұрған байрақты бәсекеде Қазақстан намысын Жомарт Ержан, Біржан Жақыпов, Ілияс Сүлейменов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов сынды талай мәрте топ жарған былғары қолғап шеберлері қорғайды.

Ақтық айқасты 13-шілде күні «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. 

Мырзағали Айтжанов, бокстан Қазақстанның Ұлттық құрама командасының бас бапкері:

Біз осы жарысқа Куба елімен бірге  жаңадан ашылған Бүкіләлемдік бокс академиясында дайындалдық. Жігіттер жақсы дайындалып келді. Кімнің қандай жетістікке жететіні рингте шешіледі.

Хабарламаларға жазылу