Вадим Присяжнюк баптайтын біздің құрама алдымен Моңғолия өкілдерінен басым түсті.
Жарыстың екінші күні Өзбекстан құрамасымен өткен жекпе-жекте жерлестеріміз тағы да жеңіске қол жеткізді.
Осылайша, төртеудің турнирінде фаворит атанған - Ресей мен Қазақстан арулары соңғы күні өзара күш сынасты.
Бас бапкер кездесуге тек құрама үздіктерін қосты. 48 келіде Әлем чемпионатының қола жүлдегері Назым Қызайбай Екатерина Пинигинаны 3:0 есебімен жеңсе, Дина Жоламан Лилия Аетбаевнаны 2:1 есебімен қапы қалдырды.
Сондай-ақ, Гүлжан Үббіниязова, Зарина Цолаева, Дариға Шәкімова, Марина Вольнова, Ләззат Күнгейбаева қарсыластарынан басым түсті.
Тек Жанна Баскаева, Мөлдір Базарбаева қонақтарға есе жіберіп алды. Турнирдің үздік боксшысы болып Марина Вольнова танылды.
Индира БЕКТЕНОВА