«Astana Arlans» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Arlans» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады

31.03.2014
«Astana Arlans» плей-офф кезеңін жеңіспен бастады

«Astana Arlans» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясының плей-офф кезеңін жеңіспен бастады. Германия жерінде өткен шаршы алаң бәсекесінде жерлестеріміз жергілікті боксшыларды 3:2 есебімен ұтты.
 
 Командаға алғашқы ұпайды 49 келіде ойын көрсеткен Теміртас Жүсіпов әкелді. Сол секілді 75 және 91 келіде Сергей Деревянченко мен Василий Левит қарсыластарынан басым түсті. Ал, Мейірболат Тойытов пен Асхат Уалиханов жеңіске жете алмады. Қарымта матч 5 сәуір күні Алматыда өтеді. 

Хабарламаларға жазылу