WSB. Ілияс Сүлейменов жеңіске жете алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Ілияс Сүлейменов жеңіске жете алмады

18.01.2014
WSB. Ілияс Сүлейменов жеңіске жете алмады
Әзірбайжанның Губа қаласында Дүниежүзілік бокс сериясының  6-шы туры басталды. Қазақстандық «Astana Arlans» командасы жергілікті «Baku Fires» командасымен кездесуде. Алматыда өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшылар 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол себепті әзірбайжандық команданың бас бапкері кездесу алдында есе қайтаруға күш салатынын мәлімдеді.
 
Қарымта кездесуде шаршы алаңға алдымен 52 келі салмақтағы боксшылар көтерілді. «Astana Arlans» құрамына жақында қабылданған  Ілияс Сүлейменов алғашқы жекпе-жегін Элвин Мамишзадамен өткізді. Әзірбайжандық боксшы өткен маусымдағы екі жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған.
 
Бұл жекпе-жекте ұпай санымен әзірбайжандық боксшы жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу