Кейін анықталғандай, ұйымдастырушылар оны әзілдеп, әдейі кешеуілдетіп ашқан.
Ал, «Тату» тобының «Бізге ешкім қуып жете алмайды» деген әні бос қиял емес екен. Ресей командасы 33 медальмен көш бастады. Қазақстан бір қола жүлдемен 26-шы орыннан көрінді.
Жабылу салтанаты орыстың мәдени дәстүріне арналып, ұлттық гимнді мыңдаған бала Валерий Гергиевтің жетекшілігімен орындады.
Ал, Пахмутова мен Добронравовтардың «Қош бол, мейірімді Миша» әні шырқалып жатқанда, сары қонжық Олимпиада алауын үрлеп сөндірді. Келесі Қысқы ойындар Оңтүстік Кореяның Пхенчханында өтеді.
Арыстан РЫСБЕК