Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатын үш миллиардтан астам адам тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатын үш миллиардтан астам адам тамашалайды

07.02.2014
Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатын үш миллиардтан астам адам тамашалайды
Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатын көгілдір экран арқылы 3 миллиардтан астам адам тамашалайды. Бұл шараға 50-ден астам мемлекеттің көшбасшысының қатысуы жоспарланған.
 
Салтанатты шарада 123 күнге созылған Олимпиада алауының эстафетасы аяқталады. Байкал көлінің түбінде, Эльбрус шыңында, Солтүстік полюсте болған Олимпиада алауы тұтанады.
 
Дегенмен, оны кім жағатыны құпия сақталып отыр. Кеңес кезеңіндегі атақты спортшылар мәнерлеп сырғанаушы Ирина Роднина, хоккейшілер - Владислав Третьяк немесе Вячеслав Фетисов болуы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
 
Дәстүр бойынша қатысушы елдер таныстыралады. Сочи Олимпиадасына 88 елдің спортшылары қатысады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қысқы Олимпиада ойындарына тұңғыш рет қатысып отырған елдердің қатарында – Шығыс Тимор, Доминика, Зимбабве, Мальта, Парагвай, Того және Тонга бар.
 
Стадионға алғаш болып Олимпиада отаны – Грекияның құрамасы шығады. Бұл елдің туын шаңғышы Панайота Царики ұстайды. Биыл Ақ Олимпиадаға – 90 жыл. Қыстың ең басты спорттық мерекесі 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өтті.

Хабарламаларға жазылу