Сочи Олимпиадасының соңғы «алтыны» иесін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасының соңғы «алтыны» иесін тапты

23.02.2014
Сочи Олимпиадасының соңғы «алтыны» иесін тапты
Сочи Олимпиадасындағы хоккей турнирінің финалында Канада құрамасы Швециядан 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)  есебімен басым түсіп, Олимпиада чемпионы атағын сақтап қалды. Бұл ойында  Джонатан Тэйвз (13-ші минут), Сидни Кросби (36-шы миут) және Крис Куниц (50-ші минут) мергендік танытты.
 
Төрт жыл бұрын канадалық хоккейшілер Ванкувер Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Қола медаль Финляндия құрамасына бұйырды. Олар үшінші орын үшін болған матчта АҚШ құрамасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты.   
 

Хабарламаларға жазылу