Путин Олимпиада алауына қатысты ақпаратты растаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Олимпиада алауына қатысты ақпаратты растаған жоқ

05.02.2014
Путин Олимпиада алауына қатысты ақпаратты растаған жоқ
Ресей президенті Владимир Путин әлеуметтік желілердегі Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты әңгімелерді «қаңқу сөз» деп атады. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлайды.
 
«Мен барлығынан хабардармын. Мұны Дмитрий Песков айтқан болатын. Бірақ, бұл тек «қаңқу сөздер», - деді тілшілердің әлеуметтік желілердегі мәліметтер туралы қойған сауалына жауап берген Ресей президенті.
 
Айта кетейік, бұған дейін салтанатты шарада Ақ Олимпиаданың алауын гимнастшы Алина Кабаева жағады делінген болатын.
 
Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты  ақпараттар  құпияда ұсталуда.

Хабарламаларға жазылу