Бүгін Астанада балалар мен жасөспірімдер арасында киокушинкай каратэден халықаралық турнир өз жалауын көтерді. Бұл жарыста ТМД аумағынан ең мықты деген 400 спортшы 32 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салуда.
Биылғы бәсеке Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналып отыр. Осымен 7-ші рет өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары Жапонияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.