Норвегиялық шаңғышылар Ингвильд Флугстад Эстберг пен Марит Бьёрген Сочи Олимпиадасындағы командалық спринтте «алтын» алды.
«Күмісті» Финляндия құрамасы, ал «қоланы» Швеция құрамасының шаңғышылары иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында жарыс жолына шыққан Елена Коломина мен Анастасия Коломина іріктеу кезеңінен аса алмады.