Олимпиада ойындары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада ойындары жалғасуда

18.02.2014
Олимпиада ойындары жалғасуда
  Бүгін Олимпиада ойындарының 11-ші күні өтуде. Жерлестеріміз тек конькимен жүгіру жарысында бақ сынаған болатын. Ерлер арасында 500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Нұрберген Жұмағазиев пен Айдар Бекжанов жақсы нәтиже көрсете алмады. Сол секілді әйелдер арасында өткен 1000 метрлік сайыста Инна Симонова келесі кезеңге өте алмады. Ал, қазір ерлер арасында Дмитрий Бабенко 10 шақырымдық жарыс жолында бақ сынайды. Айта кетейік, кеше Сочиде шаңғы акроботикасында өнер көрсеткен екі жерлесіміз іріктеу кезеңінен ары өте алмады. Сергей Берестовский 85,30 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтаса, Бағлан Іңкәрбек 79,31 ұпаймен 13-сатыға тұрақтады.
 
Сергей Берестовский, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
Бірінші болып жарысты бастау кез келген спортшы үшін қиын. Жылдамдық қандай екенін білмей қаласын. Бірақ мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Өйткені бұған дейін жарақат алып, жарысқа қатыспай, бүгін содан кейін алғаш рет шыққаным.
 
Бағлан Іңкәрбек, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
 
Бұл менің алғашқы Олимпиадам,  сондықтан қобалжу болды. Соның кесірінен алғашқы мүмкіндікте қателестім. Ал екінші рет жарыс жолына шыққан кезде жинақы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Бұл менің соңғы Олимпиадам емес. Сондықтан жеңістердің барлығы алда. 

Хабарламаларға жазылу