Паралимпиада ойындары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада ойындары жалғасуда

11.03.2014
Паралимпиада ойындары жалғасуда

Сочиде Паралимпиада ойындары жалғасуда. Қазақстандық Александр Колядин мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шаңғышылар жарысында жиырма шақырымдық қашықтықта классикалық әдіс бойынша бақ сынап көрді.

 
Жерлесіміз мәре сызығын 13-ші кесті. Осы сында жігерлілік танытқан Ресей федерациясының өкілі Рушан Минненгулов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанса, ортаға күміске иелік еткен фин спортшысын салып, тағы бір ресейлік атлет қола жүлдегер атанды. Әзірге 31 медаль өз иесін тапты
 
Александр Колядин, Ұлттық паралимпиада құрамасының мүшесі:
Жарыс жолы өте ауыр болды. Мен бірақ бар күш-жігерімді салдым. Өз деңгейімде жарыс жолын жүріп өткеніме ризамын.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу