Словениялық тау шаңғышысы Тина Мазе Сочи Олимпиадасындағы гиганттық слаломда жеңіске жетті. Екі мүмкіндіктен кейін жеңімпаздың уақыты 2 минут және 36,87 секунд болды.
Екінші орында австриялық - Анна Феннингер (+0,07 секунд). Қола медальді германиялық спортшы Виктория Ребенсбург (+0,27) иеленді.
Бүгінгі жеңістен кейін Тина Мазе 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін словениялық спортшы құлдилап түсу жарысында «алтын» алған еді.
|