Олимпиада күнделігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі

22.02.2014
Олимпиада күнделігі
Сочи Олимпиадасында қыздар арасындағы параллелді слалом бәсекесінде жеңімпаздар белгілі болды. Финалға австриялық Юлия Дуймовиц пен германиялық Анке Карстенс жолдама алған. Ақтық сында австриялық спортшы қарсыласынан 0,12 секунд ерте келіп, Олимпиада «алтынын» алды. Ал қола жүлдегерді анықтайтын кіші финалда германиялық Анели Кобер мен италиялық Корина Бакачини бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде италиялық спортшы 0,13 секунд кеш келіп, қола медальдан құр қалды.
 
Ал ерлер бәсекесінде ресейлік Вик Уайлд пен словениялық Жан Кошер сынға түсті. 0,11 секундқа басым болған Уайлд Ресей үшін кезекті «алтынды»  алды. Ал қола жүлде австриялық Бенжамин Карлдың еншісінде.
 
«Лаура» шаңғы-биатлон спорт кешенінде шаңғымен жүгіруден қыздар арасындағы бәсекенің соңғы жарысы өтті. 30 шақырымдық еркін әдістегі масс-стартқа Қазақстаннан екі спортшы қатысты. Елена Коломина мен Татьяна Осипова үздіктер қатарынан көріне алмады.

Хабарламаларға жазылу