Сочи Олимпиадасында скелетоннан әйелдер арасындағы сайыста төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік нәтижені британдық Элизабет Ярнольд көрсетті. Жеңімпаздың нәтижесі - 3 минут 52,89 секунд.
АҚШ елінің өкілі Ноэль Пайкус-Пейс (+0,97 секунд) «күмісті» мойнына тақты. Ал британ қызынан 1,41 секунд қалып қойған ресейлік Елена Никитиа «қоланы» еншіледі.
|