Германия жеке-дара көш бастап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия жеке-дара көш бастап келеді

14.02.2014
Германия жеке-дара көш бастап келеді
  Сочи Олимпиадасында шанамен сырғанаудан эстафеталық жарыс германиялық спортшылардың жеңісімен аяқталды. Феликс Лох, Натали Гайзенбергер және Тобиас Вендль мен Тобиас Арльт жұбы 2 минут, 45,649 секунд көрсеткіш берді.
 
Ресейлік спортшылар Татьяна Иванова, Альберт Демченко және  Александр Денисьев пен Владислав Антонов жұбы жеңімпаздардан 1,030 секунд қалып қойып, екінші орынға тұрақтады.
 
Үшінші орынды Латвия мемлекетінің ойыншылары иеленді. Бұл елдің атынан жарысқа Мартиньш Рубенис, Элиза Тирума және Андрис Шицс пен Юрис Шицс жұбы қатысты.

Хабарламаларға жазылу