Рақымғалиев мұзайдынға Плющенконың алдында шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рақымғалиев мұзайдынға Плющенконың алдында шығады

13.02.2014
Рақымғалиев мұзайдынға Плющенконың алдында шығады
Сочи Олимпиадасында қазақстандық жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесін асыға күтті. Бұл сайысты көрермен назарына «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынуда.
 
Бүгінгі қысқа бағдарламада бойынша 30 мәнерлеп сырғанаушы өз қойылымдарын көрсетеді.  Бұл сында қазақстандық Абзал Рақымғалиев пен Денис Тенге үміт артылып отыр. Мұзайдынға алдымен Абзал шығады. Ол алтыншы реттік нөмірмен, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Евгений Плющенконың алдында шығып, өнер көрсетеді.
 
Ал Денис Тен бағдарламаның екінші жартысында бақ сынамақ. Оның реттік нөмірі – 26.
 
Бүгін қысқа бағдарлама бойынша көшбасшылар анықталады. Спортшылар ертең еркін бағдарламада өз өнерлерін ұсынады. 

Хабарламаларға жазылу