Қарағандыда Екатерина Айдованы қолдау үшін жүздеген аспан шамы жағылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Екатерина Айдованы қолдау үшін жүздеген аспан шамы жағылады

12.02.2014
Қарағандыда Екатерина Айдованы қолдау үшін жүздеген аспан шамы жағылады
Конькимен жүгіруші Екатерина Айдованы қолдау мақсатында туған қаласы Қарағандыда жаппай акция ұйымдастырылмақ.
 
13 ақпанда спортшы Сочи Олимпиадасында 1000 метрлік қашықтықта жүгіреді. Бұл күні қала тұрғындары «Шахтер» стадионындағы мұзайдынға жиналып, аспан шамдарын жағады. Шараны облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Вести.kz
 
Сүйікті спортшыларына қолдау ретінде конькимен жүгірушілер, шорт-трекшілер, шаңғышылар және басқа да спорт түрлерінің өкілдері мұзайдында шамдарды жағып, сәттілік тілейді.
 
Бұл шараға кез келген қазақстандық қатыса алады. Акция жергілікті уақытпен 18:30-да басталады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Екатерина Айдова Сочи Олимпиадасында 500 метрлік қашықтықта 22-ші орыннан көрінді.

Хабарламаларға жазылу