Socialbakers қызмет көрсету ұйымының мониторингі бойынша, бүгін Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары #Sochi2014 хэштегімен миллионнан астам хабарлама жазған.
Ал, 7 ақпан күнгі ашылу салтанатының алғашқы бөлімінде #Sochi2014 хэштегімен 290 мыңнан астам, екінші бөлігінде 390 мыңнан астам хабарлама жарияланған.
Сочи-2014-ке қатысты ақпараттардың көбі - ағылшын (84 пайыз), орыс (5 пайыз) және испан (4 пайыз) тілдерінде жариялануда. Ең көп талқыланған спорт түрлері – мәнерлеп сырғанау, керлинг және сноуборд.