Иманбек Зейкеновтің атақты ремиксі «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманбек Зейкеновтің атақты ремиксі «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды

25.11.2020
Иманбек Зейкеновтің атақты ремиксі «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды

 Иманбек Зейкенов «Грэмми» жүлдесіне үмітті алғашқы қазақстандық музыкант. 

Қазақстандық музыкант, Imanbek лақап атымен танымал Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны Иманбек Зейкеновтің әнші Saint Jhn-ның Roses әніне жасаған ремиксі «Грэмми» жүлдесіне ұсынылды. 

Еске сала кетейік, Imanbek-тің Roses әніне жазған ремиксі 2019 жылы әлемдік чарттарда топ жарған еді. Бұл трек Billboard Hot 100 чартында бірнеше апта бойы топ-10 әндердің қатарында тұрды, ал YouTube-тағы бейнежазба 117 миллионнан астам қаралым жинады.

Сондай-ақ, ремикс Apple Music ондығына енген. Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. 

Музыкалық тұрғыдан танылғанға дейін Иманбек Зейкенов Павлодар облысындағы теміржолда жұмыс істеген, ал ремикстерді жасау ол үшін қызығушылық болған.

63-ші «Грэмми» жүлдесінінің салтанатты марапаттау рәсімі 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді.

Хабарламаларға жазылу