Франциялық тау шаңғышы Брис Роже Сочидегі олимпиадалық трассада құлап жарақат алды. Енді ол Олимпиадаға қатыса алмайды. Спортшының бұл маусымда жарыс жолына шығуы екіталай. Спортшының тізесіндегі сіңірлері үзіліп кеткен деген мәлімет таратады, олимпиадалық жаңалықтар қызметі.
Сонымен қатар, тау шаңғысынан дайындық кезеңінде словениялық Рок Перко жарақат алды. Әзірге, оның денсаулығын дәрігерлер тексеріп жатыр.