Қарағандыда оқу-жаттығу шаралары кезінде граната жарылып, 2 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда оқу-жаттығу шаралары кезінде граната жарылып, 2 адам жарақат алды

07.04.2016
Қарағандыда оқу-жаттығу шаралары кезінде граната жарылып, 2 адам жарақат алды

Қарағандыда оқу-жаттығу шаралары кезінде граната жарылды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжам бойынша, граната сабақ уақытында жарылған. Оның салдарынан №6505 әскери бөлімінің полковнигі, штаб басшысы Қайрат Үмбетов пен жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанқұлов жарақат алды. Олар шұғыл түрде Абай аудандық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметкерлер жеңіл жарақат алды.

ҚР Ұлттық ұланы қызметкерлері төтенше жағдай туралы деректі растады. «Иә, жарылыстың болғаны рас. Біз осыған байланысты баспасөз мәслихатын өткіземіз. Әзірше нақты ештеңе айта алмаймын, ақпаратты айту үшін басшылықпен келісу керек», - деді ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басшысы Қанат Дос.

Хабарламаларға жазылу