Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло Сочиге келді. Ол Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспақ, деп хабарлайды «Р-Спорт».
Капелло кеше жанкүйерлерге арналған үйді аралаған. Бүгін бапкер «Фишт» стадионында өтетін Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатының мәртебелі мейманы болмақ.
Ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.