Олимпиада күнделігі. 7 ақпан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі. 7 ақпан (ВИДЕО)

08.02.2014
Олимпиада күнделігі. 7 ақпан (ВИДЕО)
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XXII Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
 
Елбасы ел үміт артқан саңлақтармен арнайы жүздесіп, дүбірлі дода жолында жеңіс тіледі.
 
Cочи-2014 - Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының қатысқалы отырған алтыншы Олимпиадасы. Бұл жолы спорттың 10 түрінен 52 спортшы сынға түседі.
 
Ұлттық құрама көшбасшысы  Алексей Полторанин үшін алда командалық және жекелей тәртіпте  төрт бірдей жарыс жолы күтіп тұр. Ол Елбасына сыннен сүрінбей, жоғары жетістікке жетуге уәде берді. 

Хабарламаларға жазылу