Елордадан бастау алған «Бірге! Жеңіске!» республикалық акциясы шетелде де жалғасын табуда. Бүгін Бельгияның Антверпен қаласында тұратын қандастарымыз Орталық алаңға жиналып, Сочи Олимпиадасына қатысатын спортшыларымызға ыстық ықыластарын білдірді.
Саңлақтарға байрақты бәсекеде сәттілік тіледі. «Қазақстан, тек қана алға!» деп ұрандатқан қандастарымыз дүбірлі додада қазақтың көк байрағы көкке желбірейді деген үмітте.
Ақмарал Әмірқұлова, Бельгиядағы қазақтар қауымдастығының төрайымы:
Лондонда өткен Олимпиадада қазақтарды қарап отырып, жанкүйер болып, қатты уайымдап отырдық. Енді Сочиде болатын Олимпиадада қазақтар жеңеді деп сенеміз. Үлкен үмітіміз бар. Қазақ спортшыларының жолы бола берсін!
Нұрсұлу ҚАСЫМ