Паралимпиадашылардың Токио ойындарына дайындығы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиадашылардың Токио ойындарына дайындығы қалай?

28.11.2019

Қазақстандық паралимпиадашылар 2020 жылы Токиода өтетін жаһандық жарысқа қызу дайындалуда. Біздің ел спорттың 11 түрі бойынша қатысады. Қазіргі сәтте байрақты бәсекеге 9 жолдама қолда тұр. Мүгедектігі бар кәсіби спортшыларымыздың жолдаманы барынша жеңіп алуға мүмкіндігі мол. Оның қорытындысы алдағы жылдың маусымында белгілі болады. 

Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев бүгін федерация өкілдерімен жылдық жұмысын қорытындылап, алдағы бәсекеге дайындық барысын тағы бір мәрте пысықтады.

Ербол Мәндібек

Хабарламаларға жазылу