«Астана балет» ұжымы әлемге әйгілі Мариин театрының сахнасында өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана балет» ұжымы әлемге әйгілі Мариин театрының сахнасында өнер көрсетті

08.07.2015
«Астана балет» ұжымы әлемге әйгілі Мариин театрының сахнасында өнер көрсетті

«Ақ түн жұлдыздары» Санкт-Петербург қаласында жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі музыкалық фестиваль. Бұл шара биыл 27 мамыр мен 2 тамыз аралығында өтіп, яғни 2 айдан астам уақытқа созылады. Оған елімізден, биыл «Астана балет» театры екінші мәрте қатысуда.

Былтыр театр ұжымы «Әлем» атты спектакль қойып, алғашқы шетелдік сапарын осы Санкт-Петербургтен бастаған. Көптің көңілінен шыққан соң, Астана балет биыл да фестивальге шақырту алды.

Бұл жолы қазақ өнерпаздары бір актілі 2 балетпен келді. Оның бірі «Жусан» атты жусанның, яғни қазақтың иісі аңқыған спектакль. Жерлестеріміз көрсеткен екінші туынды көпке танымал «Кармен» балеті. Алайда, қазақстандық жас харегограф Мукарам Авахридың бұл «Кармені» өзгеше.

Әлемнің тек үздіктері ғана жиналатын Мариин театрында, жерлестеріміз 2 күн бойы өнер көрсетіп, көрермен көңілінен шықты.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу