Қаңтар айының 18-ші жұлдызында Дүниежүзілік бокс сериясы аясында «Astana Arlans» Әзірбайжанның «Baku Fires» командасымен күш сынасатын болады. Қос құрама шаршы алаңға шығатын боксшылардың есімдерін жариялады.
Бірінші болып шаршы алаңға «Astana Arlans» сапынан 52 келі салмақ дәрежесінде Ілияс Сүлейменов шықса, 60 келі салмақта Самат Бәшенов өнер көрсететін болды. 69 келі салмақта «арландар» Мейірім Нұрсұлтановқа сенім артып отыр. 81 келіде Эхсан Роузбахани қолғап түйістірсе, аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаев дайындалуда.