«Үш күрестен» жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үш күрестен» жарыс өтті

10.01.2014
«Үш күрестен» жарыс өтті

Қарағандыда «Үш күрестен» жарыс өтті. Сайысқа бес салмақ дәрежесі бойынша 20-дан астам спортшы қатысты. «Үш күрес» деп аталатын спорттың бұл түрін өткен жылы Абылайханның 300 жылдығына орай, кенді аймақтағы ардагер спортшылар ойлап тауып, алғашқы жарысты өткізген болатын. Ал, бұл турнир Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналып отыр.

 
Шымырлықты, шыдамдылықты талап ететін спорттың бұл түрінде қарсыластар ең әуелі семсерлеседі, одан кейін қанжармен шеберлігін көрсетеді, соңынан қоян-қолтық жекпе-жекте барын салады.
 
Бүгінде «үш күреске» жастардың да қызығушылығы артып келеді, дейді ұйымдастырушылар. Қазір олар «үш күресті» жеке спорт ретінде тіркеу үшін тиісті құжаттарын жіберген.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу