Ел мәртебесін өсіруде спорттың маңызы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел мәртебесін өсіруде спорттың маңызы зор

30.12.2013
Ел мәртебесін өсіруде спорттың маңызы зор
2050 жылға дейін Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына енуі тиіс. Сондықтан әрбір адам елінің өркендеуіне үлес қосуы керек. Кез келген сала мамандары талмай еңбек етсе, еліміздің болашағы да жарқын болмақ. Осы тұста ел спортшыларына да артылар жүк ауқымды.
 
Байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем етіп, көк туымызды әлем алдында желбірету оңай емес. Сондықтан Қазақстанның беделін биіктету үшін спортшылар жан беріп жан аласады. Бұл жайында бүгін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіде өткен жиында айтылды.
 
Қалығаш Ғазизқызы, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы:  
2020 жылға дейін өздеріңіз білесіздер, жалпы спортпен айналысатын тұрғындар саны ең кемінде 30 пайызға жетуі керек. Соған қазір біз жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі күні статистиканы қарайтын болсақ, 21 пайыздан асып жатыр. Сондықтан алда тұрған жоспарлар көп.    
 
 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу