Жаттықтырушылардың мәртебесін педагогтармен теңестіру мәселесі көтерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаттықтырушылардың мәртебесін педагогтармен теңестіру мәселесі көтерілуде

20.09.2020

Қазақстан спортшылар одағы жаттықтырушылардың мәртебесін педагогтармен теңестіру мәселесін көтеріп отыр. Педагогтарға қойылатын міндеттер қойылып, педагогтарға берілетін құқықтар берілгенін қалайды. Себебі жаттықтырушыларда әлеуметтік кепілдіктер жоқ. Спортшыларда да солай, спортшы зейнетке шығуы үшін спортта 20 жыл тер төгуі керек, бұл мүмкін емес, - дейді атақты спортшы И.Ильин.

Ал спорт, оның ішінде бұқаралық спорттың маңызы артып барады. Мәселе тіпті кәсіпқой спортшы болуда да емес. Спорт адамды салауатты өмір салтына, тәртіпке, жауапкершілік арқалай алуға, еңбекке тәрбиелейтіні аян. Ал оған жол сілтейтін, үйрететін – жаттықтырушы. Бұқараның спортпен айналысуы үшін мүмкіндіктердің аздығы, спорт залы жоқ мектептердің көптігі, жаттықтырушылардың жанкештілігі тақырып сан-салалы. Толығырақ Саламат Омаштың материалында.    

Хабарламаларға жазылу