Жидебайда Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жидебайда Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған форум өтті

09.08.2019

Абай Құнанбайұлының туған жерінде ақынның 175 жылдығына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мерейтой қарсаңында ұлы ойшылдың музейін заман талабына сай жаңғырту көзделіп отыр. Сондай-ақ, Абай-Шәкәрім кесенесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Шығыс Қазақстанның киелі жерлері ұлы Абайдың туған жері мен Құнанбай әулетінің қорымымен тығыз байланысты. Сондықтан қазақтың бас ақынының 175 жылдығы қарсаңында мұнда ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, ұлы ойшылдың кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ пен Құнанбай әулеті жерленген Ақшоқыда абаттандыруға қатысты жобалар іске асырылады. Бұл туралы Жидебайда өткен «Абай еліне тағзым» форумында айтылды.  

 Жарқынбек Байсабыров, Абай ауданының әкімі: 

Бірінші — Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жері одан кейін, міне, Ақшоқыдағы Құнанбайдың әулеті жатқан жер, осыған екі проект қазіргі уақытта ұсынып отырмыз. Біреуі — Сырт Қасқабұлақтағы 20 миллион, екіншісі, осы Ақшоқыны қоршап, абаттандыру мақсатында 27 миллионға сметамызды жасап, ұсыныс жасап отырмыз.

Төлеген Жанғалиев, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері:

Біз Абайды қалай да ұрпақтар зердесіне қалдыру мақсатын, Абайдың өсиеті мен өлең-жырын соларға жаттатып қана емес, бойына сіңіртіп, адамшылыққа тәрбиелеуіміз керек. Біздің міндетіміз — осы.

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу