Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан ғұн дәуіріне жататын қорымдар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан ғұн дәуіріне жататын қорымдар табылды

09.08.2019

Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан ғұн дәуіріне жататын қорымдар табылды. Қазір архелогтар зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Космотүсірілім кезінде 100-ден астам тарихи ескерткіш анықталған. Сорлақмола қорымында зерттеу жұмыстары өткен айда басталып кетті. Шиқұдық ауылының маңында ғұн дәуірінің адамдары жерленген. Мамандар Қазақстанның батыс аймағында мұндай қорымдарды табу қиынға түсетінін айтады. Себебі олар сармат, сақтар секілді ескерткіштерін биікке салмаған. Археологтар қазірге дейін төрт нысанды қазып үлгерді. Оның бірі әйел адамның сүйегі. Қасынан моншақ, айна, пышақ және ұршық табылған. Алдағы уақытта қазба жұмыстарына геофизика әдістерін қолдану көзделіп отыр.

 

Мейрам Дүйсенғали, облыстық Тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

Осы уақытқа дейін ғұндардың ізін табу қиын болып келді. Олар көшпелі тайпалар, тұрақтары болмағанымен, қорымдары болуы керек, табылу керек болатын. Соңғы уақытқа дейін табылмады. Қазір оның сырын ашып жатырмыз.


 

Жақсыбек КЕМАЛ


 

Хабарламаларға жазылу