Абай өлеңдерін оқу челленджі әлем елдерін шарлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай өлеңдерін оқу челленджі әлем елдерін шарлап кетті

24.07.2019

Жыр эстафетасы Жапонияға дейін жетті. Абай өлеңдерін оқу челленджі әлем елдерін шарлап жүр. Өнер жұлдыздары, Димаштың жанкүйерлерінен тыс халықаралық лауазымды тұлғалар да ұлы ақынның шығармаларын оқуға қатысып жатыр.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің бастамасын әлемнің лауазымды тұлғалары жалғап әкетті. Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой ұлы ақынның мерейтойы қазаққа ғана емес, әлемге ортақ деген ойын айтып, Абай өлеңінен үзінді оқыды.

Жыр эстафетасы қазақ даласынан Жапонияға дейін жетті.  Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы Такео Кавамура Мұхтар Құл-Мұхаммедтен эстафетаны қабылдап, дәстүрін жалғады. Ақынның 38-ші қара сөзін жапон тілінде оқып берді. 

Абайды тану бастамасы осылайша ұлт пен ұлысқа, жас пен жасамысқа бөлінбей, жалпы әлемдік сипатқа ие болуда. Жыр эстафетасы арқылы қазақ тілінің аясы кеңейе түсуде. Жақында Ұлттық арна эфирінде Францияның Қазақстандағы елшісі Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыған болатын.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу