Елбасының кітабы латыш тілінде жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының кітабы латыш тілінде жарық көрді

08.07.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы латыш тілінде жарық көрді. Еліміздің Латвия мен Литвадағы елшілігі ұйымдастырған басылымның тұсаукесеріне Латвия үкіметі мен парламентінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. «Тәуелсіздік дәуірі» -Тұңғыш Президенттің Тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Мұнда азаттықтың ақ таңы атқан сәттен бастап бүгінге дейін Қазақстанның жүріп өткен жолы тізбектелген. Кітап «Мемлекеттің дүниеге келуі», «Ұлы бетбұрыс», «Қияға құлаш сермеу», «Қалыптасқан мемлекет» атты төрт бөлімнен тұрады. Құнды еңбек Латвия кітапханалары, ғылыми орталықтары мен жоғарғы оқу орындарына сыйға тартылмақ. Тұсаукесерге жиналған жұрт тағылымы мол туындының маңыздылығына тоқталып, Елбасының ерен еңбегіне жоғары баға берді.

 

Юрис Пайдерсғ,  Латвия журналистер одағының төрағасы, публицист:

 

Кітапты ашқаннан-ақ, тарихи оқиғалардың тұңғиығына еніп кетесіз. Қазақстанның ұлттық құндылықты сақтай отырып, түрлі ұлт, дін өкілдерінің достығын қамтамасыз ете білгені жоғары бағаға лайық.  Қазақ елінің бұл тәжірибесі тек Латвия үшін ғана  емес барлық әлем елдеріне маңызды деп есептеймін. Қазақстанның көпвекторлы саясаты, Еуроодақпен, өзге елдермен таразы басын тең ұстап тұруы жағынан Латвия саясаткерлерінің үйренері көп.

 

Вента Коцере, Латвия академиялық кітапханасының директоры, профессор:

 

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кітабын латыш тілінде оқу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Өте қызық, тарихи еңбек. Біздің кітапханадағы құнды еңбектердің қатарынан орын алатынына сенімдіміз. Студенттер, оқытушылар мен саясаттанушылар үшін таптырмас тың туынды.  

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Хабарламаларға жазылу