Болгарияда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығы аталып өтті

05.06.2019

Академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығы Болгарияда да аталып өтті. Мерейтойға орай еліміздің Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин Иван Рилски атындағы Тау-кен геологиялық университетінің студенттеріне арнайы дәріс оқыды.

Диломатиялық өкілдік басшысы шетелдік жастар мен ғалымдарға Қаныш Имантайұлының қазақ геологиясының дамуына қосқан ерен еңбегі жайлы баяндады. Елдегі тау-кен металлургия өнеркәсібінің бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Сондай-ақ, Софиядағы тау-кен геологиялық университетінің ректорына екі ел арасындағы қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, арнайы төсбелгі тақты. Ресми бөлімнен соң жиналғандар Қаныш Сәтбаев туралы деректі фильм мен фотокөрмені тамашалады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу