«Қаныш» кинокартинасы көрерменге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаныш» кинокартинасы көрерменге жол тартты

02.02.2023

Қаныш Сәтбаевтың тағдыры туралы «Қаныш» телехикаясының толықметражды нұсқасы кинотеатрларда көрсетілімге шықты. Фильмге 1926-1934 жылдары Қарсақпайда әлемдегі ең бай тау-кен инфрақұрылымының қалай ашылғаны туралы тарихи оқиғалар арқау болған. Авторлар Қаныш Сәтбаевтың тек мықты геолог қана емес, сонымен қатар, ондаған баланы аштықтан аман алып қалған ерекше тұлға екенін көрсете білген. Фильмде ХХ ғасырдың басындағы ашаршылық, қуғын-сүргін сияқты қиын кезеңдер қамтылған.  

Ерлан Нұрмұхамбет, режиссер:

Астанада түсірдік. Біздің ұлттық университетте. Ішінде павильон жасадық. Одан кейін Баянауылға бардық. Одан кейін жезқазғанға бардық. Одан кейін Сәтбаевқа бардық. Одан кейін Қарсақбайға бардық. Қаныш ағамыз қай жерлерде болды, сол жерлерге барып бір сахна болса да түсіреміз. Бізге ол керек деп, сондай идеямен жасағанбыз.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу