Ол бұған дейін Түркістан, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында болған көрме керуені экспонаттарының арасында сирек кездесетін мұрағаттық құжаттар, фото-бейнематериалдар, Елбасының хаттары мен марапаттары бар. Көрме 4 бөлімнен тұрады.
«Елбасы жолы» атты бөлім Тұңғыш Президенттің балалық шағы мен жастық кезеңіне арналса, «Елбасы феномені» залында кемеңгер көшбасшының сарабдал саясаты мен ел дамуы жолындағы еңбектері паш етілген. «Әлем таныған Елбасы» атты бөлімде Қазақстанның сыртқы саясаты мен Елбасының дипломатиялық байланыстарына қатысты архивтік материалдарды көруге болады. Ал, «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты залда Тұңғыш Президентке әлем елдерінен берілген ордендердің түпнұсқасы қойылған.
Әмірхан Рахымжанов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры:
- Мыңдаған халық жиналып, шеруді көріп жатыр. Оқушылар жәдігерлерді қолымен ұстап, кітаптарды қарап, ашып, оқып, ерекше әсер алуда.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ