Тұңғыш Президент музейіне - 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент музейіне - 10 жыл

25.08.2014
Тұңғыш Президент музейіне - 10 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің  музейіне  - 10 жыл. Осыған орай, Астанада «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған шет мемлекеттердегі ғылыми және музей қауымдастығы  мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Мақсат - 10 жылдың ішінде жеткен жетістіктерді саралап, алдағы уақытта оның даму бағытын айқындау. 

Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары:

10 жылдың ішінде біз 1 миллионнан астам адам қабылдадық. 154 көрме жобасын өткіздік. Соның ішінде 26-ы көшпелі көрме. 600-ден астам ағартушылық іс-шара өткізілді.

Музейдің мерейтойына орай, атыраулық белгілі мүсінші Нұрсұлтан Қалиевтің  «Ағаш  құдіреті» атты  көрмесі ашылды.

Оған автордың 60-тан астам туындысы қойылып, ең қымбаты 3 миллион, ал, ең арзаны 50 мың теңгеге бағаланды.

Автордың айтуынша, көрмеге қойылған кез келген экспонаттың өзіндік тарихы бар.

Нұрсұлтан Қалиев, мүсінші:

Бұл -  «Шебердің қолы» деген жұмыс. Ортасында кесе, оның  ішіндегі көз. Шебердің қолына көз тимесін, деген мағынада.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу