Биыл ерекше өнерімен әлемді мойындатқан «Тұран» этно-фольклорлық ансамбліне - 10 жыл. Қазақ халқының сыбызғы, сазсырнай, домбыра, қобыз, жетіген, шіңкілдек сияқты саз аспаптарын қайта түлеткен ансамбльде 5 орындаушы бар.
Көмеймен ән айту мәнерін өзара үндестіріп, көне сарынның осы заманға сай қайта жаңғырту жолындағы ізденістері топтың құрылуына түрткі болған. Сондықтан қазір байырғы түркі халқының өнеріне өзге ұлттар қызығушылық танытып отыр.
Мақсат Медеубек, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі:
- Бүгінгі іс-шараны «Тұран» ансамбілінің он жылдығы қарсанында атқарылған істердің бір қорытындысы ретінде өткізбек ойымыз бар. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен жүзеге асуда, сонымен қатар Қастеев атындағы мұражайдың көмегімен.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ