Вашингтон жұрты «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің өнеріне жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон жұрты «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің өнеріне жоғары баға берді

25.03.2023

Қазақты рухтандырып, америкалықтарды тамсандырған «Тұран». Этно-фольклорлық ансамблдің Вашингтонда өткен концертін осылай түйіндеуге болады. Ұлттық өнерді ұлықтап жүргенін өнерпаздардың бұл жолғы турнесі Америкадан бастау алып, Европада жалғасады. АҚШ тағы меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлының репортажы.

Өрлеу мен құлдырау, азаттық үшін күрес, тар жол тайғақ кешу, ерлік пен елдік. Бұл сақтар мен ғұндар заманынан тартып алаш тарихын сазды аспаптар арқылы сөйлеткен өзгеше кеш болды. Көрермен бірде рухтанып, шабыттанса, енді бірде зұлмат жылдарға тап болып, көзіне еркісіз жас алды. Алқакөл сұлама, ашаршылық, саяси қуғын сүргін мен ядролық сынақтарға жалғасқан қиылы заманның зардабын әуен арқылы сезініп, көңілі түскен көрерменді ойнақтаған ортеке қайта жадыратты. Ал Қара жорға жорытқанда бей жай қалған жан жоқ. Әуеннің ырғағы шетелдіктерді де еріксіз еліткендей. Тарландардың өнеріне тәнті болған жұрт бірнеше рет орындарын тұрып, қошемет көрсетті.

Сыбызғы, сазсырнай, домбыра, қобыз, жетіген, мен шіңкілдек. Тұрандықтар қазақтың және түркі жұртының отызға жуық аспаптарын шебер меңгерген. Әрқайсысы бір уақытта бірнеше аспаптың құлағында еркін ойнайды.

Фебиан Лоренс, көрермен:

Музыкалық құралдар керемет. Мұндай аспаптарды өмірімде алғаш көруім және мұндай ерекше музыканы алғаш естідім. Маған бұл өте ұнады. Әйелім осы жерге әкелгеніне өте қуаныштымын. Ол Ресейден, сондықтан қазақтың дәстүрі оған жақынырақ. Бір жігіттің көмейімен жасаған әуені таң қалдырды. Бұл топ Вашингтонға қайтадан келеді деп үміттенемін.

Анна Констенко, көрермен:

Мен қайран қалдым. Тарих анимациялар арқылы сөйлеп жатты. Өкінішке орнай қазақ тілін білмеймін. Дегенмен әрбір сәтті жүрегіммен қабылдадым. 

Көнеден келе жатқан ұлттық әуендерді көрерменге қалпын бұзбай жеткізуді мұрат тұтқан топтың Тұран жұртына тастар ұраны да бар.

Әлпеш Жамалбаева, көрермен:

Қазақ бойындағы қасиетті өзімізбен өзіміз рахат сезіммен шықтық.

Бұған дейін жетпістен астам елде болып, үлкен сахналарында өнер көрсеткен ұжым қазақтың ұлттық музыкасымен төрткүл дүние тыңдармандарын тамсандырып үлгерді. Ал, Вашингтондағы концерттен ерекше әсер алған жұрт оның ішінде шетелдік дипломаттар да бар тарландармен таласа суретке түсіп, көпке дейін тарамай тұрып алды. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген топ енді АҚШ-тан кейін Европа елдерін аралап шығармашылық кештерін өткізбек.

Жалғас Сәдібек

Хабарламаларға жазылу