Алматыда оқушылар арасында фортепиано мен үрмелі-ұрмалы аспапта ойнау шеберлігі бойынша республикалық байқау өтті.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте болған жарысқа 190 үміткер қатысты. Биыл 7-ші рет ұйымдастырылған өнер сайысында еліміздегі мамандандырылған орта музыка мектеп-интернатының оқушылары бақ сынады. Жас музыканттардың өнерін шетелден арнайы келген өнер майталмандары бағалады. Ал, байқау жеңімпаздарына жоғарғы оқу орындарының гранттары берілді.
Оңдасын Абдуллаев, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры:
Мына жиналып отырған балалардың бәрі 12 жыл оқиды. Музыкаға дарынды балалар. Ал, ондай балаларды Мәдениет министрлігі бақылап отырады.
Аманкелді СЕЙІТХАН